29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Солтүстік Қазақстан облысы полиция құнды artemia salina шаянын заңсыз аулаудың жолын кесті

СҚО ПД орынбасары мұндай қылмыстар үшін 6-10 жылға дейін соттау жазасы қарастырылғанын атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің назарына үш адамнан тұратын топ көзге түсті. 33 және 22 жастағы екі петропавлдық, сондай-ақ Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны артемия салина шаяны жұмыртқаларын заңсыз аулаған деп күдіктенеді.

Олар мақсатты жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының, 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және облыстық прокуратураның үйлестіруімен өзара іс-қимыл жасау кезінде ұсталды.

Заңсыз өндіру Мамлют ауданы аумағындағы Меңкесер тұзды көлінде жүргізілген. Оқиға орнынан полицейлер жалпы салмағы 460 килограммды құрайтын 6 қапқа салынған шаян жұмыртқалары тәркіленді. Жүргізілген сараптама мемлекетке келтірілген зиянды 3 миллион 712 мың теңгеге бағалады.

«Заңнама талаптарына сәйкес, топтың құрамында балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады», — деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *