бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесіне облыстық департамент бастығы Мұрат Нәкенов, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Дәурен Ержанов, сондай-ақ “СҚО әкімдігінің ДСБ” КММ басшысы Қаныш Бижанов жұмыс іс-сапарымен келді, деп хабарлайды Петропавловск.news.
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесіне облыстық департамент бастығы Мұрат Нәкенов, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Дәурен Ержанов, сондай-ақ “СҚО әкімдігінің ДСБ” КММ басшысы Қаныш Бижанов жұмыс іс-сапарымен келді. Іс-сапар мақсаты – медициналық бөліммен және жазасын өтеп жатқан сотталғандарға медициналық қызмет көрсету шарттарымен таныстыру. Сонымен қатар қонақтар мекеменің медициналық бөлімінде орнатылған инновациялық француз жабдықтарының жұмысымен, атап айтқанда “Limstar” телемедициналық қондырғысымен танысты. Телемедицина – заманауи шешімдерді, сондай-ақ телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, консультациялық және дәрігерлік қызметтерді қашықтықтан ұсыну. Бұл медициналық қызметкерлерге сотталғандарды кабинеттен тыс жерде тексеріп қана қоймай, емдеуді тағайындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан өзара әрекеттесу.
– Осы технологияның арқасында сотталғандарды медициналық мекемелерге шығару санын азайту жоспарлануда. №51 мекеме ірі елді мекендерден шалғай жерде орналасқандықтан, мұндай жабдық сотталғандарға медициналық көмек көрсетуге байланысты көптеген проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта біздің мекеме республикада алғашқылардың бірі болып телемедицина орнатып іске қосты, – атап өтті департаменттің бас санитарлық дәрігері Торгын Абилева.
Негізгі жабдықтардан басқа, кешен теріні тексеруге арналған “Dermlite” дерматоскопымен, нүктелік УДЗ жүргізу үшін “Butterfly” ультрадыбыстық сканерімен, ЭКГ, қол камерасы, отоскоп және стетоскоппен жабдықталған. Мекеме басшылығы “Айыртау аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК-мен бірлесіп бас бостандығынан айыру жағдайында науқастарға қашықтан кеңес беру мәселесін пысықтады.
Сапар соңында басшылар сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асырды.