Біздің «Sensitive» би ансамблі жаңа белестерді бағындыруда. Солтүстікқазақстандық ұжым Мәскеуде өткен «Inclusive Dance» халықаралық байқау-фестиваліне қатысты. Біздің ерекше балаларымыз 700-ден астам қатысушылар арасында Гран-при мен төрт бірінші орынды жеңіп алды.
«Жетекшісі Ольга Ростовщикова мен би ансамблін лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Ансамбль балалары талантта шек жоқ екенін, сахнада жарқырауға әркімнің де қабілеті бар екенін дәлелдеді. Сіздің жұмысыңыз, табандылығыңыз және шынайылығыңыз бәрімізді шабыттандырады, ал жеңіс — талпынған жан үшін мүмкін емес ештеңе жоқ екенін тағы бір растау. Жарайсыңдар, біз әрқайсыңызбен мақтанамыз! Алда тек жаңа биіктер, бұдан да көп жетістіктер болсын!», — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.