29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

СҚО полицейлері сайлау учаскелерінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Усиление в СКО. Сотни полицейских будут обеспечивать правопорядок и дорожную безопасность на избирательных участках в СКО

Солтүстік Қазақстан облысында сайлау учаскелеріндегі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін 300-ге жуық полицей қамтамасыз ететін болады. Петропавлда 97 сайлау учаскесіндегі қауіпсіздік шараларын қалалық полиция басқармасы мен облыс ПД қызметкерлері ауысыммен атқарады. Бұл туралы СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов мәлімдеді.

Ол сайлау алдындағы кезеңде полиция қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілікке түскенін айтты. 2-9 қазан аралығында СҚО құқықтық тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда. Полицейлерге сайлау учаскелеріндегі жедел жағдай туралы ақпарат берілді, сондай-ақ оларға арнайы нұсқаулықтар оқылды.

Полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов қызметкерлердің дайындықтарын тексеріп, олардың сыртқы келбеті, жабдықталуы және құжаттарының дұрыстығына назар аударды. Сонымен бірге, ол жеке құрамның мемлекет және халық алдындағы жоғары жауапкершілігін еске салды, әрі алдағы республикалық референдумды лайықты деңгейде өткізуді міндет етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *