Солтүстік Қазақстан облысыныңда полиция департаментіне Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғыны хабарласып, толғақ қысқан әйелін Петропавл қаласына уақтылы жеткізуге көмектескен патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне алғысын айтты, деп хабарлайды Петропавловск.news.
Азамат пен оның әйелі бесінші балаларын күтіп отыр. Бірақ полицейлерге алғаш рет жүгініп отыр. Ерлі-зайыптыларды облыстық перинаталдық орталыққа апара жатқан «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі патрульдік автокөлікті көре сала, бірден полицейлерден көмек сұрады.
СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторлары Ержан Оңбаев пен Константин Пеньков бұл туралы кезекші бөлімге хабарлады. Олар жарқылдауық маяктары мен сиренасын қосып, ауылдықтар мінген көліктің алдына түсті. Жарты сағат ішінде аяғы ауыр әйел медицина қызметкерлеріне жеткізілді.
«Жігіттерге рахмет, оларға мықты денсаулық және сәттілік тілеймін! Адамдарға дер кезінде көмекке келетін осындай қызметкерлер жол үстінде жүрсе, өзімізді қауіпсіз сезінеміз», — деп бөлісті Азамат.