Көлік жүргізуге мас күйінде отырған жүргізуші -ықтимал қылмыскер. Мас күйінде ЖКО фактілерін болдырмау үшін полиция қызметкерлері үнемі акциялар мен жедел-алдын алу іс-шараларын өткізеді.
14 қазаннан бастап СҚО аумағында «Мас жүргізуші» ЖПІШ өтуде. Оған 400-ге жуық патрульдік полицияның, учаскелік полиция инспекторлары және өзге де полиция қызметтерінің қызметкерлері қатысуда.
«Жол қауіпсіздігін нығайту бойынша күшейтілген жұмыстың түбегейлі маңызы бар», — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. — Өткен жылмен салыстырғанда оң өзгеріске қол жеткізілді. Егер өткен жылдың 9 айында мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 5 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алса, ағымдағы жылдың басынан бастап мас автокөлік жүргізушілері 13 жол-көлік оқиғасының себепкері болды, онда 16 адам жарақат алды».
4 күн ішінде облыс жолдарында мас күйінде 23 жүргізуші ұсталды. Барлығы 1295 түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде жылдамдықты асырудың 148 фактісі және жаяу жүргіншілерге көлік қозғалысына артықшылық бермеудің 37 жағдайы анықталды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі