ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 10.05. № 97-Ө бекітілген бұйрығымен 2024 жылғы 2-ші жартыжылдыққа бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тізімі негізінде, «СевКазЭнерго» АҚ — Петропавл ЖЭО-2, №2 күл үйіндісінің № 3 секциясы объектілеріне профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілді, деп хабарлайды Петропавловск.news.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі-электр және жылу энергиясын өндіру, оны СҚО және оған іргелес өңірлердің қажеттіліктеріне жеткізу.
Ұлттық экономика министрлігі комитетінің мәліметінше, «СевКазЭнерго» АҚ ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша «СевКазЭнерго» АҚ бақылау объектілерінде экологиялық заңнаманың 4 бұзылуы анықталды оның ішінде 2 өрескел және 2 маңызды:
1) 2022, 2023 жылдардағы ластауыштардың шығарындылары мен тасымалы тіркелімінің есептерінде толық емес мәліметтерді ұсынуға жол берілді;
2) Қауіпті қалдықтарды қауіпті емес қалдықтармен араластыруға жол беріледі;
3) 2023 жылғы қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепте дәйексіз деректерді ұсынуға жол берілді;
4) Қалдықтарды есепке алу бойынша экологиялық талаптарды бұзуға жол берілді.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-2 бабының 2 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарды жою мақсатында кәсіпорынға бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама шығарылды.
Бүгінгі күні бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалды.