29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Канн кинофестивалінің лауреаты «Biz Birgemiz» акциясына қатысты

Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Есләмова коронавирустық инфекциядан туындаған төтенше жағдай кезінде көмекке бағытталған «Biz Birgemiz» республикалық акциясын қолдады.

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Петропавлда тұратын 3-ші топтағы мүгедек Роза Имақованың пәтеріне барды. Әйелдің айтуынша, нұротандықтардың көмегі дер кезінде болған.

Қазір дәріханаларда маскалар мен антисептикалық дәрілердің тапшылығы бар, ал бұл құралдар ұзақ уақытқа жетеді. Бұдан басқа, маған дүкенге шығу қиын, ал азық-түліктерді жігіттер өздері әкелді. Бұл үшін ұйымдастырушыларға рахмет. Самал Есләмова менімен кездесті, бұл керемет, — деп атап өтті Роза Имақова.

Акцияға қосылған Самал Есләмова мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы отбасыларға және жалғыз басты зейнеткерлерге мұндай көмек бірінші кезекте қажет екендігін айтады.

Қазір көптеген адамдар пандемияға байланысты жағдайға тәуелді болды. Бізде көп балалы отбасылар, мүгедектер бар, оларға көмек қажет. Мен осындай акцияға алғаш рет қатысудамын, «Nur Otan» партиясы үлкен іс жасайды, деп есептеймін. Мұндай қиын сәтте адамдарға көмектесу өте маңызды. Партияға және жасотандықтарға үлкен рахмет. Осындай акцияларға тағы да қатысуға дайынмын, — деді актриса.

Бүгінгі таңда «Biz Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанаты белсенділерінің арасынан волонтерлер бүкіл өңір бойынша 700-ге жуық адамға барды. Оларға антисептикалық, гигиеналық құралдар және бірінші кезекте қажетті өнімдер берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *